Халық игілігі жолындағы еңбек

Халық игілігі жолындағы еңбек

Қарашаның 15-сі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің дүниеге келген күні. Бұл күн ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп жарияланды. Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Еліміздің қаржы жүйесінің дамуына қазынашылық жүйесінің де үлесі бар.

Қазіргі уақыттағы Талғар аудандық қазынашылық басқармасы республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды өткізу саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Аудандағы мемлекеттік, бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысының, зейнетақы жарналарының, жәрдем ақыларының және құрылыс нысандарының төлемдерін уақтылы, мақсатты төленуін қадағалайды.
Бүгінгі таңда ұжымды Әжібаева Кулшакира Ауғангалиқызы басқарып отыр. Қаржы саласында 38 жылдан астам жұмыс істеген Кулшакира Ауғангалиқызы — өз ісіне берілген, ұжымның ұйытқысы бола білген азаматша. Қазынашылық құрылған күннен бастап жұмыс істеп жүрген мамандарымыз да бар. Олар – бас маман-бас қазынашылар М.Карибаева, З.Надырова. Басқарманың жас та болса үлкендерден өнеге, тәрбие алып қазынашылық саласы жұмысын жақсы игеріп келе жатқан жас мамандар Э.Кульжаева, Қ.Нұрова, Д.Изатова, А.Төрешова, Р.Калиева, А.Құрманказиева, А.Ахметова үлкендердің жолын басып келеді.
Барлық деңгейдегі қаржы органдарының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруда бюджет қаражатының халық игілігі үшін негізгі рөл атқаратынын естен шығармауымыз керек.

Құрметті қаржыгер әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және Қаржы қызметкерлері күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық пен саулық, береке бірлік және мемлекетіміздің экономикасын көтеру, халқымыздың әл-ауқатын жақсарта түсу жолындағы толасыз еңбектеріңізде табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін. Төл теңгеміздің тұғыры нығая берсін!

А.Изиева,
Талғар аудандық
қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы