Музей тынысынан бір күн

Музей тынысынан бір күн

1937-1938 жылдардағы сталиндік зобалаң құрбандары Алматы қаласынан 40 шақырым жердегі Жаңалық елді мекеніне қараңғы түнекте қара топыраққа құпия жасырылған. 2002 жылы Жаңалық қорымына ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Жаңалық» мемориалды кешені құрылды. 2018 жылы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың тікелей қолдауымен шейіттердің есімдерін халық жадында жаңғырту мақсатында «Саяси қуғын — сүргін құрбандарының» музейі ашылды.

Күні кеше, 2 қазан күні ҚР Мемлекеттік хатшысы, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Қ. Е. Көшербаев ұлт қасіреті құрбандарына арнайы зиярат ете келіп, музей экспозициясымен танысты. Мемлекеттік хатшы музей құрылымына жоғары бағасын беріп, мәжіліс залында саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен, тарихшы ғалымдармен алқалы жиын өткізді. Бас қосуға Алматы облысының әкімі А. Баталов, ақпарат министрі А. Балаева, мәдениет министрі А. Райымқұлова, Мәдениет комитеті төрағасы А. Әбдуәлі, Мәжіліс депутаты А. Сарым, Алматы облысы әкімінің орынбасары, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия төрағасы Б. Байжұманов қатысып, ҚР президенті Қ. Тоқавтың жаппай саяси қуғын — сүргін құрбандарын толық ақтау туралы жарлығы бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайы кеңінен талқыланды.Осы жиында Жаңалықта жасау ұсынылған «XX ғасыр- Алапат қасіреті» мемориалдық кешенінің жобасы таныстырылды. Үлкен құрылыстың жобасы қатысушылардың қолдауына ие болып, Жаңалықтағы кешеннің ауқымын да, мәнін де арттыратыны айтылды.

Мейіржан Мұсабаев,
«Саяси қуғын – сүргін құрбандары» музейінің
меңгерушісі