Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 1 қыркүйегінде халықтың алдында өз Жолдауын жолдады. Президентіміз айтып өткен шаралар жүзеге асырлады деп сенеміз. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің әл-ауқатының жақсаруы үшін, дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығу үшін маңызды міндеттерді жүктеді. Президентіміз өз Жолдауында айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асырылуын талап етті. Жолдауында 7 – бағыттан тұратын мәселелерге жіті тоқталған болатын.
I.Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму.
II.Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.
III.Сапалы білім беру.
IV.Өңірлік саясатты жетілдіру.
V.Еңбек нарығында тиімді Эко жүйе қалыптастыру.
VI.Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау.
VII.Ұлттың ұйысуы- одан әрі дамудың басты факторы.
Осы 7-бағыттың ішіндегі бірінші бағыт бойынша президентіміз халықтың жағдайын жақсарту бойынша көптеген мәселелерге тоқталып өтті.
Азық-түлік бағасын ретке келтіру, жалақыны өсіру, әлеуметтік осал отбасылар үшін едәуір қолдау көрсету. Президентіміз айтып нақты жүзеге асып жатқан ісіміздің бірі –мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе — зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі. Өте жақсы бастама, оның үстіне үлкен қалаларда тұрғын үй мәселесі өткір. Қоғам үшін тағы бір маңызды мәселе – тіл. Халық тұтастығын ойласақ, менің, сенің тілің деп таразыға салмағанымыз абзал. Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының сара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік.
Ұлбосын Нұрмыханбетқызы,
Бесағаш ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы