Ауданда эпидахуал тұрақты

Ауданда эпидахуал тұрақты

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы берген мәліметтер бойынша осы аптаның сәрсенбісіне дейін аудан бойынша COVID-19 белгілері бар барлығы 11 науқас тіркелген.

Оның екеуі симптомсыз тасымалдаушылар. Ауданымыз бойынша 2020 жылдан бері COVID-19 вирусын жұқтырып ауырған 6118 адам тіркелген. Олардың ішінде 4695 адам симптомды түрімен ауырса, 1423 адам симптомсыз тасымалдаушылар болған. Ал балалар арасынан 14 жасқа дейінгі 548 бала тіркелген. Олардың 351-і симптомсыз тасымалдаушылар болса, 197-і симптомдары бар науқастар болған. Жоғарыда айтып өткен коронавирустық инфекциямен ауырған 11 науқастың 5- і ерлер, 6-ы әйелдер. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер жоқ. 6-ы жұмыссыз болса, 5- зейнеткер.
Аталмыш науқастардың барлығы жұқпалы ауруханалар орталығына жатқызылды. Ауданда 19 мобильді топ жұмыс істейді. Барлығы 150 оттегі баллондары, 70 оттегі концентраторлары бар. Екі айға жететін антибиотиктер, гормональді препараттар, антикоагулянттар қоры бар. ПТР талдау орталықтары КВИ кезеңінде тәулік бойы жұмыс жасайды. Коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін 4 мұздатқыш жабдық, 27 автохолодильник (белсенді термоконтейнерлер) сатып алынған. Талғар ауданы бойынша 19 егу пункті және 1 жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасап тұр. Талғар ауданы бойынша сәуір айында мемлекеттік сатып алу бойынша тағы 15 автотоңазытқыш (белсенді термоконтенерлер)сатып алынып, маусым айынан қолданысқа енгізілді.
«Ashyg» бағдарламасы бойынша 859 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасап тұр. Оның 24-і тестілік режимде. Ауданның провизорлық стационарларында пневмония және ЖРВИ диагнозымен барлығы 146 адам ем алуда .Аудан бойынша төсек-орын жүктемесі-48,6 пайыз болса, бос орындар-51,4 пайызды құрап отыр. Науқастарды емдеу бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Эпидемиологиялық жағдай үнемі ауданның уәкілетті органдарының бақылауында тұр. Жыл басынан бері мониторингтік топтар ауданда қатерлі дерттің алдын алу мақсатында 1873 рейд жүргізіп, ауданның 14698 нысанында түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Мониторингтік топтармен тексеру барысында 158 карантиндік режимді бұзушылық анықталып, ұсынылған материалдар бойынша карантиндік режимді бұзушыларға 158 хаттама толтырылды. Соңында 158 айыппұл салынып, мемлекет кірісіне 15 007 965 теңге қаржы игерілген.
Жыл басынан бері аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша ауданымыздың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 51 қаулысы шығарылды. Барлық ошақ-нысандарда эпидемияға қарсы іс-шаралар мен дезинфекциялық режим күшейтілді. Барлық ошақтарда дезинфекция жүргізілді. Бұдан басқа барлық ұйымдар мен мекемелерде әр демалыс сайын осы ұйымдардың күшімен және құралдарымен дезинфекция жүргізіледі. 02.09.2021 ж. ҚР ДСМ бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №38-ПГВр қаулысына сәйкес COVID-19 байланысына зертханалық тексеру ұйымдастырылды.

Талғар-ақпарат