Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңында қарастырылған.
Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.«Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» деп анықтама берілген.
Елбасының нақты мақсаты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен алдын ала анықталған. Бұл қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою. Аталған мақсатқа жеткізу келесі міндеттерді орындау арқылы іске асырылады: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай жасайтын шарттар мен себептерін анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша халықаралық қызметтестікті дамыту.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
ҚР АШМ ВБжҚК Талғар аудандық аумақтық инспекциясы