Жас мамандарды әлеуметтік қолдау

Жас  мамандарды әлеуметтік қолдау

2009 жылдан бастап, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарына мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы төлеу 2009 жылдың 1 шілдесінен, тұрғын үй сатып алу үшін несие беру 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда.

Осыған орай, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бүгінгі күні, мемлекеттік қызмет Қазақстан Рес­пу­бли­касы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ережесіне сәйкес көрсетіледі. Алғашқы бағдарлама тек ғана әлеуметтік сала мамандарына арналған болатын. 2012 жылдан бастап бағдарламаға ветеринария, 2015 жылы агроөнеркәсіп саласын мамандықтары, 2020 жылы мемлекеттік қызметшілер қосымша енгізілген.

Бағдарламаға қатысушыларға бір реттік 100 айлық есеп­тік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрде­мақы, және 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет­­тік несие беріледі. Яғни 2021 жылы көтерме жәрдем ақы 219 мың 700 теңге, бюджеттік несие — 4 млн 375 мың 500 теңге көлемінде көрсетіледі.
Ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік саласындағы, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін жасайды.
Тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.

Осы тізбеде болмаған мамандықтарына мемлекеттік қызмет көрсетілмейді. Мемлекеттік қызметі Мемлекет­тік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін мамандарына бір ауылда тұру және жұмыс істеуіне қажет.
Көтерме жәрдемақы алған кезде мамандар:
Өтініш пен бiлiмi туралы дипломының және еңбек кітапшасының көшiрмесi ұсынылады;
Тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде:

Өтініш пен бiлiмi туралы дипломының және еңбек кітапшасының көшiрмесi және Кредиттік бюродан есеп ұсынады.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бірге өтініш беруге болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-6 жұмыс күні.
Бюджет қаражаты болмаған жағдайда, әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлер кезекке койылады. Оларға бір жылдың ішінде көмек көрсетіледі.Бюджеттік несиелер 0,01 жылдық пайызы мен он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Бұрын берілген кредиттер бойынша соңғы 2 жыл ішінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған кезде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілмейді.
Жақын туыстарынан тұрғын үй сатып алуға тыйым салынады.

Сатып алынған тұрғын үй несие кепіліне қойылады.
Әлеуметтік көмек алған мамандар ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік, әкімдік аппараттарының мекемелерінде үш жылдан кем емес мерзімде жұмыс жасауы қажет.

Ереже бұзылған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражаты толық көлемінде мемлекетке қайтарылады.
2009-2020 жылдар аралығында жалпы 185 мамандарға 602,4 млн теңге көлемінде бюджеттік несие, 496 мамандарға 77,2  млн теңгеге көтерме жәрдемақы төленген.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 34 адам 9,9 млн. теңгеге көтерме жәрдем ақы, 21 маман 91,9 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие алған.

Айман Кисибаева,
Талғар ауданының экономика және
жоспарлау бөлімі мемлекеттік
мекемесінің басшысы