Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің дамуының басты міндеттерін белгіледі. Басым орын өндірістік процестерді цифрландыруды қамтитын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тиесілі.
Президент мемлекеттік қызметтердің 100% азаматтарға смартфондардан қолжетімді болатындығын атап өтті. Пандемия Қазақстанда цифрландыруды жеделдетті. Мәжбүрлі цифрландырудың арқасында халықтың цифрлық сауаттылығы айтарлықтай өсті. Қазіргі уақытта барлық азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде компьютер, мобильді құрылғылар арқылы да, мектептерде, емханаларда, әкімдіктерде және т.б. өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы да алу мүмкіндігіне ие. Бұл азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, қысқа мерзімді және бюрократиялық кідіріссіз алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде жүргізу келесі мүмкіндіктерді береді:
1. Қызмет көрсету кезінде өтініш берушінің уәкілетті органдар мен байланыс санын қысқарту;
2. Өтініш берушінің уәкілетті органмен байланыссыз мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық түрге ауыстыру;
3.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту;
4. Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендету;
5. Көрсетілетін қызметтердің автоматты статистикасын және талдауын жүргізу.
Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты