Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдарында бүгінгі күні штаттық кесте бойынша 195 мемлекеттік қызметші жұмыс атқарады. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша ZOOM бейне-конференция байланысы режимі арқылы 6 семинар-кеңестер өткізілді.
Аудандық-қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Талғар» газетінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау туралы 2 мақала, интернет-ресурстарында 3мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі басылымдарына әдептілік нормаларын сақтауын бақылау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Мемлекеттік қызметшілерден қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жарты жылдықта 1 рет анонимді сауалнама жүргізіледі. Биылғы жылғы жоспар бойынша жүргізілген сауалнамаға Талғар қаласы және ауылдық округтерден 105 мемлекеттік қызметші қатысып, талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында кездесетін кедергілері анықталып, тиянақты жұмыс істеуге жасалған жағдайлар зерделенді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерісті өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бекітілген жоспарын орындау мақсатында 11 тамыз күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен біресіп аудандық орталық кітапханада 10 тамыз Абай Құнанбайұлының күніне орай, «Абай: пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде ақын-сазгер, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Камнұр Тәлімұлы онлайн дәрісін оқып, қатысушы мемлекеттік қызметкерлермен пікірталас жүргізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген «Мен түсінген Абай…» атты шығарма жазу байқауының қорытындысы шығарылып, қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады.
Е.Толқынов,
Талғар ауданы әкімінің орыбасары-
Әдеп жөніндегі уәкілі