Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса 1986 жылы Кеңес империясынан теңдік сұрап, азаттық үшін алаңға шыққан і Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын ресми деңгейде атап өтіп, желтоқсаншыларға құқықтық мәртебе берілуі керек екенін айтты. Мыңдаған жастың аяусыз жазаланып, қудалануы да бұл жай оқиға емес, нағыз көтеріліс болғандығының айқын белгісі! Ендеше қызыл империяға қарсы шыққан Желтоқсан көтерілісі – ұлт азаттық көтеріліс ретінде танылуы керек», — деді ол вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында. Мәжілісмен ел тәуелсіздігі жолындағы күресте мерт болған Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларға «Халық қаһарманы» атағын беру керек деп санайды.
Талғар-ақпарат