Тәуелсіздік тірегі – Ата заң!

Тәуелсіздік тірегі – Ата заң!

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Мұнда мемлекеттік басқару мен бұқаралық биліктің үйлесімді түрде ұштасуы бар. Еліміздің Ата Заңы қоғамдық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы.

Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта-теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Негізгі мақсатымыз егеменді еліміздің ертеңгі жарқын болашағы – білімді жастарымызды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Қазағымыздың намысын биік ту ретінде жоғары ұстайтын, ата-бабамыздың салып кеткен сара жолын білімімен жауапкершілікпен, намысқойлықпен өткеріп, келешек ұрпаққа мирас ретінде қалдыру бүгінгі жастардың міндеті.
«Қазақстан Республикасы Конституциясы күні» мерекесіне орай қызметкерлердің патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы Конституциясын, басқа нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын меңгеру деңгейлерін тексеру мақсатында ҚАЖ Комитеті Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің Күзет бөлімінде «Ата заңым – тірегім» атты байқау өтті. Байқауға 4 команда қатысты. Нәтижесінде №2 ауысым аға бақылаушысы тәлімгер әділет старшинасы А.Кенбатыров пен жас қызметкер әділет қатардағы Д.Диханбай өздерінің білім деңгейлерінің жоғарылығын көрсетіп бас жүлдеге ие болды. Күзет бөлімі басшылығы тара­пынан байқау жеңімпаздарына жүлделі сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Б.Құсаинов,
әділет аға лейтенанты