Жұма намазы оқылады

Жұма намазы оқылады

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысына сәйкес осы аптада еліміздің барлық мешіттері ауласында жұма намазын оқуға рұқсат берілді.

Қаулыда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде діни объектілердегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар да көрсетілген. Атап айтқанда, мешіттерде бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюін қамтамасыз ету міндеттелген.

Сондай-ақ ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі. Ғибадат үйлерінде намаз оқу бір адамға 4 метрден кем емес есеппен қашықтықты сақтау кезінде жүзеге асырылады.

«Талғар-ақпарат»