Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған айлық аясында Панфилов ауылдық округі әкімдігінде дөңгелек үстел өтті. Шараға әкімдіктің бас маманы Б.Жанбаев, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жиналғандарға тіл саясаты мәселесі туралы терең мағлұмат беру, еліміздегі маңызды оқиғаларды кеңінен түсіндіру, тәуелсіз Қазақстанның даңқты тарихын білуге және түсінуге тәрбиелеу, ауыл тұрғындарын елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабындағы тіл саясаты, мемлекеттік тілдің, сондай-ақ, үш тілдің үйлесімді дамуы, ұлттық мәдениет пен тілдің біртұтастығы, халық тарихы мен мәдениеті терең зерделеу керектігі талқыланды. Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының терең толғамдары мен ой-пікірлері қамтылған аса құнды еңбегі төңірегінде жиналғандар өз пікірлерін ортаға салды.
Абай Жұрынов,
Панфилов ауылдық округі әкімінің бас маманы