Вакцина алмаған педагогтер мен персонал білім мекемелеріне жіберілмейді

Вакцина алмаған педагогтер мен персонал білім мекемелеріне жіберілмейді

Жаңа оқу жылында вакцина алмаған педагогтер мен персонал білім мекемелеріне жіберілмейді. Бұл туралы ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылды.

Қаулыда педагогтерге, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді «Ashyq» қосымшасы арқылы немесе «EGOV mobile», «Аitu», «Kaspi.kz», «Halyk Bank», «Sberbank.kz», www.ashyq.kz платформасындағы баламаларды пайдалана отырып кіруге рұқсат ету тапсырылған. Ал мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына мына адамдардың кіруіне болмайды:
— COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинасы жоқ педагогтар мен персонал;
— жөтел, мұрынның бітелуі, дене қызуы 37 градустан жоғары респираторлық инфекция белгілері бар адамдар;
— QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдар.
Айта кетелік, 2021 жылғы 26 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін 6 466 823 адам, II компонентін 5 152 752 адам салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін салдырған.

«Талғар-ақпарат»