Қайырымды ауыл – Бесағаш

Қайырымды ауыл – Бесағаш

«Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасын бесағаштық азаматтар үлкен ықыласпен қолдап, түрлі бағытта қайырымды істер ұйымдастырды. Соның ішінде «Қайырымды ауыл» бағыты бойынша Бесағаш ауылдық округінің әкімі Ернар Жунусов пен орынбасары Майра Бекенқызының бастамасымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қам көңілді балалар, жағдайы төмен отбасылылардың балалары мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Округ әкімі жаңадан сайланса да істің азаматы екендігін байқатып үлгерді. Тіпті халықпен бірге төтенше жағдай кезінде өрт сөндіріп, ауыл тұрғындарымен бірге жұдырықтай жұмылып жұмыс жасауда.

Исанбаева Ұлбосын,
Бесағаш ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі әдіскер
нұсқаушысы