Зерделей қарасақ, Президентіміздің жыл сайын тұрақты түрде ел халқына жолдайтын Жолдауларының астарында талай мән жатыр.Бағытымызды баяндап, алдағы жоспарларымызды нақтылап өтетін бұл маңызды құжат мұнымен қоса уақыттың қатаң сынына төтеп беруде нақты не істеу қажеттігін көрсетіп беруде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің әл-ауқатының жақсаруы үшін, дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығу үшін маңызды міндеттерді жүктейді. «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» — деп маңызды міндеттерді атап айтқан болатын.
Иә, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономиканы дамыту — еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ел экономикасы дамыған кезде ғана халықтың табысы артып, әлеуметтік жағдайлары жақсарады. Бұл үшін елімізде бірқатар жобалар жүзеге асып, мемлекет тарапынан біршама қолдаулар болып келеді. Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады. Сондай-ақ, еліндегі жүргізілетін саясаттың қандай екенін де білдіртеді.Конституциямызда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Демек, бұл бағыттағы жемісті саясат Ата заңмен де тығыз байланысты. Дегенмен әлемдегі дамыған алдыңғы отыздыққа ену мақсатын қойған Қазақстанымыз үшін әлі көп іс атқарылуы керек екені де анық.
Сондай-ақ мемлекет басшысы қоғамдағы әлеуметтік жағдайы осал топтарға барынша көңіл бөліп, мұқтаждықтарынан шығаруды басты назарда ұстайтынын айтты. Бұл әрине біздер үшін лкен мүмкіндік болар еді, қаншама көмекке зәру жандар бар. Оларға тек материалды түрде емес, моралды түрде де қолымыздан келгенше қолдау көрсетіп келеміз. Десе де, мемлекет тарапынан назарға ілінетініне қуаныштымыз.
Сонымен қатар, «Ең төменгі еңбекақы көлемін қайта қарайтын күн келді деп ойлаймын. Бұл, бір жағынан, маңызды макроиндикатор деп есептеймін. Ең төменгі еңбекақы көлемі 2018 жылдан бері көтерілмеді. Әлемдегі коронадағдарыс халықтың табысына айтарлықтай зардабын енгізді7 Ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД елдерінен төмен», деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көлемі 60 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Әлеуметтік жаңару, даму – орта таптың санының артуына негіз жасайды. Орта тап артқан сайын қоғамдық тұрақтылық та беки түспек немесе ел тыныштығына мүдделі көзі ашық азаматтар артады деген сөз… Бұл еліміздің барынша тұрақты саясиэкономикалық дамуына жол ашады. Бәлкім, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуір сол болар. Лайым, еліміздің келешегі кең, жарқын болсын!
Қарлығаш Құлжанова,
«Самға -Н» мүгедектер бірлестігінің қызметкері