Аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандарындағы және қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 15 шілде — 16 тамыз айлары аралығында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының көрінісі» атты аудандық онлайн байқау өткізді. Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында байқаудың қорытындысы шығып, жеңімпаздар салтанатты түрде аудандық кітапхана залында марапатталды. Жалпы байқауға 15 жеке кәсіпкер қатысқан еді. Қай-қайсы да өздерінің ана тілін құрметтеуге дайын екендіктерін байқатып, жарнамаларынан қазақ тіліне деген құрметін сезіндірді. Нәтижесінде бас жүлдені Панфилов ауылдық округіне қарасты Каменское Плато ауылынан қатысқан жеке кәсіпкер Бұлдыбаева Гүлнар Серікқызы («Риза» дүкені) жеңіп алды. І-ОРЫНДЫ Кеңдала ауылдық округінен қатысқан жеке кәсіпкер Марат Ақжолтаев («Жансая» шағын маркеті) және Алатау ауылдық округі Қызыл-Қайрат ауылынан қатысушы жеке кәсіпкер Әбдіқадыр Мұхит Әбдімүтәліпұлы («Темірлан» құрылыс дүкені) алды. ІІ-ОРЫНДЫ Бесағаш ауылдық округінен жеке кәсіпкер Есмұратов Нұрлан Бақытжанұлының «Медицина орталығы» сондай-ақ, Панфилов ауылдық округі Панфилов ауылынан қатысушы жеке кәсіпкер Қасымбаева Алма Өмірзаққызының «Әділ» кафесі жеңіп алды. ІІІ-ОРЫНДЫ Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылынан қатысушы жеке кәсіпкер Раушан Мұсақызы «Дәстүр» қымыз-шұбат орталығы, Гүлдала ауылдық округі Гүлдала ауылынан қатысушы Даутова Сахинур Абдулазизовнаның ЖШС «Мирас, Мұрагер» балабақшасы сонымен қатар Нұра ауылдық округі Нұра ауылынан қатысушы жеке кәсіпкер Мұхтарова Айнұр Абатқызының дәріханасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Қалған қатысушылар бөлімнің «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» марапатталды.
«Ана тілі ұлттың бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры»- деп Б.Момышұлы атап өткендей, тілдің тазалығын қадағалау бүгінімізден қарағанда болашағымызға көп әсерін тигізбек.
Ұлбосын Ақжігітова,
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы