18 тамыз күні Талғар ауданы Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Адам және қоғам» МЕҰ-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар еліміздің тәуелсіздігіміздің маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар қасиетті ата заңымызға ерекше тоқталып өтті. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат.
«Ел үмітін ел ақтар, Ер атағын ер сақтар» деген мақал бар. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, бостандық, егемендік, тәуелсіздік секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.