Электронды үкімет – бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру және бизнес-процестерді жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы қарым қатынастарының өзгерісі екенін еліміздің әр азаматына түсіндіріп жеткізу біздің парызымыз!
Сол мақсатпен «Талғар ауданының Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Нұра ауылының тұрғындарына «EGOV бұрышы» арқылы алуға болатын көптеген анықтамаларды, «Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы тағы қандай қызметтерді алуға болатындығын, сонымен қоса қазіргі талаптарға байланысты «eGov mobile» қосымшасы арқылы «ASHYQ» бағдарламасын пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты