«Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2017 жылы 13 желтоқсанында №619 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» сәйкес Талғар қаласындағы «№3 орта мектебі» МКМ-нің басшысы орынына Конкурс жариялайды.
Талғар қаласындағы «№3 орта мектебі» МКМ-сі бойынша қысқаша мәлімет: Жобалық сыйымдылығы: 1176 орын, оқушы саны: 1956. Жалпы кабинеттер саны мен лабораториялық кабинеттер 67, информатика кабинеті 2, лингафон кабинеті 1, интерактивті тақталар саны-12, компьютер саны-221. Барлық оқу кабинеттері қажетті жиһазбен, құралдармен жабдықталған. Жылыту жүйесі газ құбырына қосылған.
Біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог — сарапшының, педагог — зерттеушінің, педагог — шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері:Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді
және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесеоларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық жалақы мөлшері 176000 теңге.
Конкурсқақатысу бойынша өтінім пен керекті құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.Анықтама бойынша 8(72774)2-36-89 телефон нөмірі арқылы немесе saltub@mail.ruэлектондық пошта арқылы кадрлық сұрақтарға жауап беретін қызметкеріне хабарласуға болады.
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Государственное учреждение «Отдел образования Талгарского района» на основании Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан №57 «Об утверждении Правил конкурсного замещения руководителей государственных учреждений среднего образования, технического и профессионального, послесреднего образования и конкурсного назначения на должность руководителей государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы дошкольного, среднего образования и образовательные программы дополнительного образования» объявляет конкурс на должность руководителяГКУ «Средняя школа №3» г. Талгар.
Краткая информация:ГКУ «Средняя школа №3» г.Талгар: Проектная мощность на 1176 мест. Количество учащихся -1956. Общее количество кабинетов илабораторных комнат 67, кабинет информатики2, лингафонные кабинеты 1, количество интерактивных досок 12, количество компьютеров 221. Все классы оснащены необходимой мебелью. Система отопления: газовое.
Требования к квалификации:высшее (послевузовское) педагогическое или иное профессиональное образование по соответствующему профилю, или документ, подтверждающий педагогическую переподготовку; стаж педагогической работы не менее пяти лет, при этом, последние два года непрерывного педагогического стажа, стаж в должности заместителя руководителя организации среднего образования не менее одного года; наличие первой или высшей квалификационной категории педагога или квалификационной категории педагога — эксперта, педагога — исследователя, педагога — мастера (за исключением государственных служащих, работников преподавателей ВУЗов с педагогическим стажем не менее пяти лет, методистов методических кабинетов (центров), системы повышения квалификации).
Должностные обязанности руководителя государственной организации образования:
Руководит деятельностью организации образования в соответствии с ее уставом и другими нормативными правовыми актами. Организует реализацию государственных общеобязательных стандартов образования совместно с педагогическими и методическими советами. Утверждает план работы, рабочие планы и программы. Обеспечивает всеобщее обязательное обучение детей по закрепленному участку в соответствии с законом всеобуча. Организует и совершенствует научно-методическую и материально-техническую базу учебно-воспитательного процесса. Организует и совершенствует методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса. Обеспечивает развитие современных информационных технологий.
Содействует деятельности учительских (педагогических) организаций, методических объединений, детских организаций. Формирует контингент учащихся, воспитанников в соответствии с лицензией на право ведения образовательной деятельности, обеспечивает социальную защиту учащихся и воспитанников. Защищает законные права и интересы (личные, имущественные, жилищные, трудовые и другие) воспитанников из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, принимает меры по созданию им условий для поддержания родственных связей. Обеспечивает условия содержания и проживания воспитанников и обучающихся не ниже установленных норм. Создает необходимые условия безопасности жизни и здоровья обучающихся (воспитанников) и работников организации образования во время учебно-образовательного процесса.
Организует работу и контроль по обеспечению питанием и медицинским обслуживанием учащихся в целях охраны и укрепления их здоровья. Распоряжается имуществом и средствами организации образования в пределах установленных законодательством РК, представляет ежегодный отчет о поступлении и расходовании финансовых и материальных средств учредителей.
Обеспечивает учет, сохранность и пополнение учебно-материальной базы в соответствии с нормативными требованиями, отвечает за соблюдение правил внутреннего трудового распорядка, санитарно-гигиенического режима, охраны труда и техники безопасности.
Осуществляет подбор и расстановку педагогических кадров и вспомогательного персонала, утверждает структуру управления, штатное расписание и должностные инструкции работников, создает условия для повышения их профессионального мастерства. Руководит педагогическим советом. Участвует в подготовке аттестации работников. Представляет учителей и других работников организации образования, особо отличившихся в труде, к поощрениям и наградам, налагает взыскания в пределах своей компетенции.
Осуществляет связь с общественностью, координирует работу с родителями (лицами их заменяющими). Представляет организацию образования в государственных и иных организациях, обеспечивает подготовку и представление необходимой отчетности. Владеет компьютерной грамотностью, информационно-коммуникационной компетентностью.
Должен знать: Конституцию Республики Казахстан, Кодекс Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье», Законы Республики Казахстан «Об образовании», «О языках в Республике Казахстан», «О правах ребенка в Республике Казахстан», «О борьбе с коррупцией», «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту», «О специальных социальных услугах», «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», «О профилактикеправонарушений среди несовершеннолетних и предупреждение детской безнадзорности и беспризорности» и другие нормативные правовые акты, определяющие направления и перспективы развития образования, основы педагогики и психологии, государственные общеобязательные стандарты образования достижения педагогической науки и практики, основы менеджмента, финансово-хозяйственной деятельности, законодательства о труде, правила и нормы охраны труда, техники безопасности и противопожарной защиты, санитарные правила и нормы.
Размер должностного оклада директора организации образования составляет176000 тенге.
Прием заявок и необходимых документов для участия в конкурсе будет производиться в ГУ «Отдел образования Талгарского района» по адресу: г.Талгар, ул.Кунаева №65в течение семи рабочих дней со дня выхода объявления.
Перечень документов, необходимых для участия в Конкурсе:
1) заявление по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;
2) документ, удостоверяющий личность (для идентификации);
3) копию документа государственного образца (собственного образца вузов) об образовании;
4) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность;
5) личный листок по учету кадров и фото;
6) производственную характеристику с прежнего места работы;
7) копию документа об имеющейся квалификационной категории и ученой степени (при ее наличии);
8) справку о состоянии здоровья по форме, о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 «Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);
9) справку об отсутствии судимости;
10) справку о наличии либо отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления;
11) документ о прохождении тестирования (при наличии);
12) документ о прохождении курсов повышения квалификации, переподготовки (при наличии);
13) документ, подтверждающий прохождение курсов повышения квалификации по менеджменту в образовании не менее семидесяти двух часов;
14) перспективный План развития организации образования.
За справками обращаться по телефону 8(72774) 2-36-89 к специалисту по кадровым вопросам отдела или связаться по электронной почте saltub@mail.ru