Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты қағидаларының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізілуде.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік органдар арнайы шаралар ұйымдастырып отырады. Құқық қорғау саласының өкілдерімен бірлесе дөңгелек үстелдер, кездесулер,семинарлар ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында халықпен жұмыс жүргізіліп отыр. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін әлі де болса құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жалғасын табатын болады. Бұл қоғам індетімен күресу және оның алдын алу тек қана мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес қазақстандық әрбір азаматтың міндеті.
Барлық қызметкерлер жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Ар-намыс» Кодексіндегі адамгершілік этикалық нормаларды қатаң ұстануы қажет.Қазақстан Республикасы заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын сақтау, қызметтiк тәртiптi мүлтiксiз орындау және қызметтiк әдептi сақтау бойынша басшылармен, түрлі сала мамандарымен тұрақты негiзде әңгiме жүргiзiлiп тұрады. Әкімшілік қызметкерлерінің негізгі міндеті тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Халыққа қызмет көрсету кезінде қағазбастылыққа салынбай, әкімшілік баръерлерді жою үшін мемлекеттік қызметтің үйреншікті әдістен электронды түрге көшкені қызмет сапасын арттырып, уақытты да үнемдеуге мүмкіндік береді.
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Тәуелсiздiгiнiң алғашқы күндерiнен бастап бiздiң басты бағытымыз қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, мақсатымыз Отанымыздың гүлденуi екендiгiн баршаға аян. Сыбайлас жемқорлық –Тәуелсiздiгiмiзге, мемлекетiмiздiң iргелiк құндылықтарына қатер төндiретіні рас. Сыбайлас жемқорлықты жою — тәуелсiздiктiң iргелi құндылықтарын нығайтудың түйiндi шарты. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, мемлекеттiк органдармен, бизнес және ғылым өкiлдерiмен ынтымақтастықта ғана осы шешiмi қиын мәселенiң түйiнiн шеше аламыз да, гүлденген Қазақстанның болашағын қамтамасыз ете аламыз. Әлемді алаңдатып отырған жемқорлықпен тек қана мемлекет пен қоғам тығыз байланыста болғанда ғана қарсы тұра аламыз демекпін. Әр қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық іс екендігін түсінуі қажет.
Назым Джабашева,
Белбұлақ ауылдық округі әкімдігінің
бас маманы.