Алматы облысында өрт кезінде сегіз адам құтқарылды
2021 жылғы 5 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты.
Өрт туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД сағат 14.43-те келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына белгіленген нормативтік уақытта келіп жетті. Сағат 14:51-де келген сәтте пәтердің терезесінен ашық оттың жалыны көрінді, сондай-ақ барлау жүргізу барысында ғимараттың конструктивтік ерекшеліктерін, дәлізді жоспарлауына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жолдары тығыз түтінмен және жоғары температурамен кесілгені анықталды. Көрші тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Өрт көрші пәтерлер мен ғимараттың шатырына ауысу қатері болды.
Талғар қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлері бір мезгілде өртті сөндіре отырып, адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмысты дереу ұйымдастырды.
Қабылданған жедел шаралармен 8 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өрт сағат 15.12-де жойылды, жалпы ауданы 24 ш.м. құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің ғимарат шатырына және көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.
Алматы облысы ТЖД азаматтарды электрлік тұрмыстық құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Восемь человек спасены при пожаре в Алматинской области
5 августа 2021 года в г.Талгар, Талгарского района Алматинской области произошёл пожар в одной из квартир, 4-х этажного многоквартирного жилого дома.
Сообщение о возгорании поступило в ДЧС Алматинской области в 14.43 часов. Первые пожарные подразделения, прибыло к месту вызова в установленное нормативное время. К моменту прибытия в 14:51 часов с окна квартиры были видны языки пламени открытого огня, также в ходе проведения разведки установлено, что из-за конструктивных особенностей здания, коридорной планировки пути эвакуации жильцов было отрезаны плотным дымом и высокой температурой. Создалась угроза жизни и здоровью для жильцов, проживающих по соседству. Огонь угрожал перейти на соседние квартиры и кровлю здания.
Сотрудниками Специализированной-пожарной части №2 г.Талгар и ОЧС Талгарского района незамедлительно организована работа по спасению и эвакуации людей с одновременным тушением пожара.
Принятыми оперативными мерами были спасены 8 человек, из них 6 детей. Возгорание ликвидировано в 15.12 часов, на общей площади 24 кв.м. Жертв и пострадавших нет. Не допущено распространение огня на кровлю здания и на соседние квартиры. Предварительной причиной пожара послужило короткое замыкание электропроводов.
ДЧС Алматинской области призывает граждан к соблюдению правил пожарной безопасности при эксплуатации электрических бытовых приборов и не оставлять их включенными без присмотра.
Пресс-служба ДЧС Алматинской области