Жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл
Ағымдағы жылдың 29 шілде күні «Алматы облысы жастар ресурстық орталығының» маманы Жұмабаев Мадияр Серікұлы, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Илияс Сайлаубайұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының маңыздылығы атап өтілді. Кездесуге қатысушыларға іске асырылып жатқан «Жетісу адалдық алаңы» жобалары, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Шараның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Талғар аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі
Замира Қалымбетова