Бұл-демократияның жеңісі

Бұл-демократияның жеңісі

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей халық өзі сайлайтын дәрежеге жетуіміз керек деп демократиялық жолды таңдаған Қазақстан халқының сара жолын атап өткен болатын. Бұл-өте дұрыс шешім болды. Халық өзі таңдаған әкімінің дұрыс жолмен жүретінін, жоғарыдан бекіп келген әкім-қаралардың халық мүддесін қорғау үшін жан-тәнімен жұмыс істей алмай келгенін көріп, сезінген еді. Сондықтан республиканың барлық жерлерінде әр аймақ, әр ауыл өз іштерінен шыққан кадрларды таңдап қоюға ұмтылуда.

Батыстың бір қайраткері Ж.Тагос деген кісі: «Сайлау өткізу-бір сәтте, яғни бюллетендерді жәшікке салумен бітетін бір актілі техникалық процедура емес. Ол-тоқтамайтын, дами беретін, адамзат баласы үшін ешқашан жалықтырмайтын, адам құқы мен әділет туын асқақтата беретін «адам құқының» Мейрамы!»- деп өте тамаша пікір айтқан екен. Сол айтпақшы, бұл халықтың жеңісі, ұлы жетістіктерге бастайтын демократияның жеңісі деп білуіміз керек.

Б.Көлбаев,
Кеңдала ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы