Алғаш рет кеше елімізде ауыл округ әкімдерінің сайлауы –халық таңдауы арқылы жүзеге асырылды.Жыл сайынғы ел президеті қасымжомарт Тоқаев Кемелұлының халыққа жолдауында да арнайы аталып өткен бұл жаңа бастама мемлекетіміздің нағыз демократиялық басқару жүйесінде екендігімізді тағы бір дәлелдей түсті.Кеше сонымен қатар, ауданымызда да 4 ауылдық округтерде , атап айтсақ Бесағаш а.о., Бесқайнар а.о., Алатау а.о., Панфилов а.о.-де ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл Сайлау халық үшін өте маңыздыболды.ауыл тұрғындары үлкен толқыныспен, үмітпен белсене қатысып дауыс берді.Бұндай сайлауға аудан тұрғындары жан-жақты қолдау білдірді.Бұл ретте , ауылдық округ әкімінің лауазымына тағайындалатын халық қалаулары халықпен ете байланыста болып қызмет атқарады, халықты ынтымаққа, бірлікке бастап ауданымыздың экономикалық , мәдени, әлеуметтік бағыттар бойынша барынша дами түсетініне сенім білдіремін.
Талғар аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі
Замира ҚАЛЫМБЕТОВА