25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау,
Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
МҰХАМЕТҚАЛИЕВ МАДИЯР МҰХАМЕТҚАЛИҰЛЫ
ӨМІРБАЯНЫ
Мен Мұхаметқалиев Мадияр Мұхаметқалиұлы 28 қыркүйек 1976 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келгем. 1993 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылындағы Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, осы жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы заңгер мамандығын алып шықтым. Еңбек жолымды 1998 жылы Талғар қаласындағы №4 кәсіптік техникалық мектепте шебер мамандығымен бастадым. 1999 жылы Атырау облысында аудан прокурорының көмекшісі қызметімен жалғастырдым. Прокуратура саласында 2006 жылға дейін қызмет атқардым. Содан соң еңбек жолымды Алматы облысы әділет департаментінде жалғастырдым. Қазіргі уақытта «Талғарирригация» ШЖҚ СШ МКК директоры болып қызмет атқарып отырмын. Отбасылымын. Отбасымда екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Егер маған ауыл тұрғындары сенім артып, дауыс беріп, әкім етіп сайлайтын болса, ауылдық округтің өсіп-өркендеуі жолында бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Бюджет қаражатын тиімді жұмсап, қосымша инвесторлар мен демеушілер тарту арқылы да басқа да түткілді мәселелерді шешемін деп ойлаймын. Ең алдымен:
— Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, суармалы судың мәселесін де оң жолға қоямын;
— Ауыл тұрғындарының барлығының дерлік көгілдір отынға қосылуына ықпалдасамын;
— Дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға атсалысамын;
— Ескі білім ошақтарының орнына жаңа мектептер салу мәселесін көтеріп, бюджеттен қаражат бөлінуіне күш саламын;
— Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, дені сау болуы үшін спорт алаңдары мен спорт кешендерінің бой көтеруіне қолдау көрсетемін;
— Көпұлтты ауылдарымыздың татулығы мен бірлігін сақтауға, ауылдастарымызды туған ауылымызды сүюге тәрбиелейтін іс-шаралар ұйымдастырып отырамын;
— Ауыл жолдарының түгелдей жөндеуден өтуіне күш саламын;
— Көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге тысырамын.
— Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға атсалысып, сыбайлас жемқорлықпен ұдайы қарсы күресіп, халыққа адал қызмет етемін;
— Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды да назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсетуге тырысамын.
25 июля- выборы акима Бескайнарского,
Бесагашского, Алатауского, Панфиловского сельского округа
Талгарского района
Алматинская область, Талгарский район, кандидат акима Алатауского сельского округа
МУХАМЕТКАЛИЕВ МАДИЯР МУХАМЕТКАЛИЕВИЧ
БИОГРАФИЯ
Я, Мухаметкалиев Мадияр Мухаметкалиевич родился 28 сентября 1976 года в селе Жаланаш Кегенского района Алматинской области. В 1993 году окончил среднюю школу имени Ленина в селе Сумбе Уйгурского района Алматинской области, в этом же году поступил на юридический факультет Казахского государственного национального университета имени Аль-Фараби в г. Алматы, в 1997 году получил специальность юриста. Трудовую деятельность начал в 1998 году мастером в профессионально-технической школе №4 г. Талгар. В 1999 году продолжил службу помощником прокурора района в Атырауской области. В прокуратуре проработал до 2006 года. Затем трудовую деятельность продолжил в департаменте юстиции Алматинской области. В настоящее время работаю директором ГКП на ПХВ «Талгарирригация». Женат. В семье воспитываю двух дочерей, одного сына.
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА