Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау, Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
Алматы облысы, Талғар ауданы,
Бесқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
ДҮЙСЕНБАЙ МАЙГҮЛ АСҚАРҚЫЗЫ
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Дүйсенбай Майгүл Асқарқызы 1981 жылы 23 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Б.Сокпақбаев атындағы мектеп –гимназиясын окып, бітірдім.1998 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетіне оқуға түсіп, оны аяқтап, 2002 жылы Орта Азиялық университетінің құқықтану мамандығын тәмамдадым. 2000 жылы Райымбек аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып еңбек жолымды бастадым. 2001 жылы № 2 Райымбек аудандық сотының бас маманы қызметіне бекітілдім. 2002 жылы № 2 Райымбек аудандық сотының кеңсе менгерушісінің міндетін атқардым. 2004 жылдан Алматы қаласының соттар әкімшілігінде келісім шартпен жұмыс атқардым. 2005 жылы Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотының бас маманы болып тағайындалып, 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманымын. Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналардың қатарындамын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Егер де, ауыл тұрғындары маған дауыс беріп, нәзік иықтың ауыр жүкті көтере алатынына сенім артатын болса, мен ер азаматтармен иық тірестіре жүріп, ауылымызды көркейіп, барынша дамыған елдімекендер қатарына қосуға бар күшімді салатынымды айтқым келеді. Ол үшін төмендегі мәселелерді шешуге тырысамын:
— Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға күш саламын;
— Ауылдағы зираттарды қоршау мәселесін қолға аламын;
— Ауыл ішілік жолдарды жөндеу үшін бюджеттен қаражат бөлінуіне ықпалдасамын;
— Ауылда медициналық пукттің жоқтығына байланысты бірінші кезекте денсаулық сақтау ғимаратын салдыру үшін қаражат бөлінуін қадағалаймын;
— Ауыл тұрғындарының көп жылдан бері келе жатқан жанайқайы — Алматы қаласы мен аудан орталығы Талғар қаласына қатынайтын жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жүргізу мәселесіне бел шеше кірісетін боламын;
— Жастарды салауаттылыққа тарту үшін ауылға спорт алаңын салуға демеушілер тартамын;
— Өзім көпбалалы ана болғандықтан көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, толық емес отбасыларға қамқорлық танытып, көмегімді аямайтын боламын.

25 июля- выборы акима Бескайнарского, Бесагашского,
Алатауского, Панфиловского сельского округа Талгарского района
Алматинская область, Талгарский район, кандидат акима Бескайнарского сельского округа
ДУЙСЕНБАЙ МАЙГУЛЬ АСКАРОВНА
БИОГРАФИЯ

Я, Дуйсенбай Майгуль Аскаровна родилась 23 мая 1981 года в селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области. В 1998 году окончила школу-гимназию имени Б. Сокпакбаева. В 1998 году поступила в Казахский государственный юридический университет, затем в 2002 году окончила Среднеазиатский университет по специальности — юриспруденция. В 2000 году начала трудовую деятельность секретарем судебного заседания Райымбекского районного суда. В 2001 году утверждена на должность главного специалиста Райымбекского районного суда № 2. В 2002 году исполняла обязанности заведующего канцелярией Райымбекского районного суда № 2. С 2004 года работал в администрации судов г. Алматы по контракту. В 2005 году назначена главным специалистом Ауэзовского районного суда № 2 города Алматы, с 2009 года по настоящее время являюсь главным специалистом специализированного административного суда города Алматы. Сегодня я в числе многодетных матерей, воспитывающих пятерых детей.

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Если жители села будут голосовать за меня и верить в то, что хрупкое плечо способно поднять тяжелый груз, я хочу сказать, что приложу все усилия для того, чтобы мы с мужчинами шли плечом к плечу, облагораживали наше село и делали его более развитым. Для этого я пытаюсь решить следующие проблемы:
— Приложу усилия для обеспечения населения качественной питьевой водой;
— Займусь вопросом ограждения кладбищ в селе;
— Содействую выделению средств из бюджета на ремонт внутрипоселковых дорог;
— В связи с отсутствием медицинского пука в селе, в первую очередь, буду следить за выделением средств на строительство здания здравоохранения;
— Постараюсь решить вопрос, как вести пассажирские автобусы, которые будут курсировать в город Алматы и районный центр — город Талгар, который существует уже много лет.;
— Для привлечения молодежи к благополучию привлеку спонсоров на строительство спортивной площадки в селе;
— Я, будучи многодетной матерью, буду заботиться о многодетных семьях, о людях с ограниченными возможностями, о неполных семьях и не жалеть помощь.