25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау, Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
СМАҒҰЛОВ МҰХАМЕДӘЛИ ДӘРКЕНБАЙҰЛЫ
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Смағұлов Мұхамедәли Дәркенбайұлы 1981 жылы 07 қазанда Талғар қаласында қарапайым инженер мен мектеп-интернатының тәрбиешесінің шаңырағында дүниеге келдім. Мектепті аяқтаған соң заңгер мамандығын таңдадым. Өйткені әрқашан адамдарға көмектесіп, азаматтардың мүдделерін қорғағым келетін. 13 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Алатау ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы болдым. Отбасым бар, 4 баланың әкесімін. Бала тәрбиесінде еңбексүйгіштік, адалдық және әдептілік сияқты қасиеттерді баулуға, балаларыма өзім үлгі болуға тырысамын. Менің мықты қасиеттерім – әділ және өз ісіме жауаптымын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Мен ауыл тұрғындарының барлық мәселелесімен жақсы таныспын. Оның негізгілері – жұмыссыздық, интернет және мобильдік байланыс сапасының төмендігі, Амангелді, Байбұлақ, Шымбұлақ кенттерінде мектептердің жоқтығы. Сонымен қатар, біз әрбір ауылды спорттық және балалар ойын алаңдарымен қамтамасыз етуіміз керек. Ішкі туризмді дамытатын әлеуетіміз бар, осылайша жаңа жұмыс және демалыс орындары пайда болады.
Менде туған өлкеміздің барлық тұрғынын толғандыратын бірінші кезектегі міндеттерді шешудің нақты жоспары бар. Мемлекеттік қызметтегі көп жылдық тәжірибем маған түрлі қиын жағдайлардан шығу жолдарын табуды үйретті. Болашақта біз сіздермен бірге өзекті мәселелерді бірге шешіп, ауылдық округімізді барлық сала бойынша дамытамыз деп үміттенемін.
Әкім ретінде мен:
1. Мен ауыл тұрғындарын сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз етемін. Соңғы жылы оқушылар қашықтан оқып, ал ересектер үйде отырып жұмыс істеді. Сапасыз интернет біраз адамның жүйкесін жұқартқаны белгілі;
2. Балалар алаңдары мен спорт секцияларын, медициналық мекемелерді, балабақшаларды, бос уақыт өткізетін орталықтарды, жылыжай шаруашылықтарын және басқа да бизнес объектілерін іске қосуға қолдау көрсету арқылы 160-қа жуық жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отырмын;
3. 380 ірі қара мен 1250 ұсақ малға, 430 бас жылқы үшін жайылымдық жер мәселесін шешемін;
4. Алатау ауылдық округіндегі Қарасай батыр, Абай, Заречный, Центральный және Әлмерек көшелерінің жолдарын жөндеуді бастаймын. Сапалы жол – жарқын болашақ бастауы;
5. Бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын да бақылаймын.
25 июля- выборы акима Бескайнарского, Бесагашского, Алатауского, Панфиловского сельского округа
Талгарского района
Алматинская область,
Талгарский район, кандидат акима
Алатауского сельского округа
СМАГУЛОВ МУХАМЕДАЛИ ДАРКЕНБАЕВИЧ
БИОГРАФИЯ
Я, Смагулов Мухамедали Даркенбаевич, родился 07 октября 1981 года в городе Талгар, работаю в качестве рядового инженера и воспитателя школы-интерната. После окончания школы выбрал профессию юриста. Ведь всегда хотелось помогать людям и защищать интересы граждан. Более 13 лет проработал на государственной службе. Был участковым инспектором полиции Алатауского сельского округа. Женат, отец 4-х детей. В воспитании детей стараюсь прививать такие качества, как трудолюбие, честность и порядочность, быть примером для своих детей. Мои сильные качества — коммуникабельность, ответственность, справедливость и патриотизм.
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА