Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау, Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы

Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
СЕЙТОВ АЗАМАТ СЕРІКҰЛЫ

ӨМІРБАЯНЫ

Мен, Сейтов Азамат Серікұлы Талғар ауданына қарасты Туғанбай ауылында туып, өстім. Тарихшы мамандығы бойынша педагогикалық жоғарғы білім алғаннан кейін еңбек жолымды ҚР қарулы күштерінде тәрбие және әлеуметтік құқықтық ісі бойынша командирдің орынбасары, жастар ісі бойынша офицер болып бастадым.
Отбасы жағдайыма байланысты өзімнің туып өскен ауылыма оралып, халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі, Нұра ауылдық округі әкімі болып қызмет атқардым. Бүгінгі күні ауылшаруашылығы саласында жеке кәсіппен айналысудамын. Елмен етене араласып жүргендіктен ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын тұрмыс-тіршіліктерімен бір кісідей таныспын. Сапалы ауыз су, жолдардың нашарлығы, жарықтың дүркін-дүркін сөніп қалуы, тұрғын үй мәселелері бәрімізді де толғандырады. Мен осы мәселелерді шешудің тетіктерін қарастырып, ауыл өмірін жақсартуға бар күшімді салмақпын! Бұл ретте маған сіздердің, ауыл тұрғындарының қолдауы керек!

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мені ауыл əәкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда төмендегі мәселелер аясында жұмыс жасап, шешуге тырысамын:
— 2022 жылы полициялық тірек пунктін салуға ықпал етемін;
— 2022 жылдары ауыл ішіндегі негізгі және кішігірім көшелерді жөндеуден өткізуге атсалысамын;
— 2023 жылға округке қарасты ауылдардың су құбыры топтық су жүйесіне қосылмақшы. Осы мәселенің уақытылы шешіліп, тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтылуын қадағалаймын;
— 2024 жылға дейін халықты жаппай спортқа тарту мақсатында спорт кешенін салуға ықпал етемін.
Ауылдың бюджетінің қомақты емес екенін білемін. Себебі, өзім ауыл әкімі болып қызмет етіп, ел арасында жүрдім. Сондықтан кейбір мәселелерді инвесторлар арқылы, кейбір мәселелерді ауылдың атқамінер азаматтарының демеуімен шешетініміз рас. Осы орайда қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
— 2022 жылы балаларымыздың жайлы жағдайда өсуі мен дамуы үшін жаңа балабақша ашуға ықпалдасамын;
— 2024 жылы Алатау ауылдық округінде демалыс саябақтарын ашуға күшімді саламын;
— Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға атсалысып, сыбайлас жемқорлықпен ұдайы қарсы күресіп, халыққа адал қызмет етемін;
— Ауыл мәдениетін көтеріп, халықтың жан дүниесін рухани байыту үшін түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға аламын;
— Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды да назардан тыс қалдырмай, қолымыздан келгенше көмек беру басты мақсатымыз болып саналады.


25 июля- выборы акима Бескайнарского, Бесагашского,
Алатауского, Панфиловского сельского округа Талгарского района

Алматинская область, Талгарский район, кандидат акима Алатауского сельского округа
СЕЙТОВ АЗАМАТ СЕРИКОВИЧ

БИОГРАФИЯ

Я, Сейтов Азамат Серкович, родился и вырос в селе Туганбай Талгарского района. После получения высшего педагогического образования по специальности историк, трудовую деятельность начал заместителем командира по воспитательной и социально-правовой работе в Вооруженных Силах РК, офицером по делам молодежи.
По семейным обстоятельствам я вернулся в родное село, где работал консультантом Центра обслуживания населения, акимом Нуринского сельского округа. На сегодняшний день занимаюсь частным бизнесом в сфере сельского хозяйства. В связи с тем, что я постоянно общаюсь со страной, я знаком с каждодневными трудностями жителей села. Качественная питьевая вода, плохие дороги, периодические отключения света, жилищные вопросы волнуют всех нас. Я собираюсь рассмотреть механизмы решения этих проблем и сделать все возможное, чтобы улучшить сельскую жизнь! При этом мне нужна ваша, сельская поддержка!

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Если меня изберут акимом села, то в ближайшие 4 года я постараюсь работать и решать следующие вопросы:
— Содействую строительству полицейского опорного пункта в 2022 году;
— В 2022 году займусь ремонтом основных и второстепенных улиц села;
— К 2023 году водопровод в селах округа будет подключен к групповой системе водоснабжения. Буду следить за своевременным решением данного вопроса и обеспечением населения качественной питьевой водой;
— До 2024 года буду способствовать строительству спортивного комплекса с целью вовлечения населения в массовый спорт.
Я знаю, что бюджет деревни невелик. Потому что я сам работал акимом села и ездил по стране. Поэтому некоторые вопросы мы решаем через инвесторов, некоторые — при поддержке граждан села. В связи с этим путем поиска дополнительных источников финансирования:
— В 2022 году буду способствовать открытию нового детского сада для роста и развития наших детей в комфортных условиях;
— В 2024 году в Алатауском сельском округе буду работать над созданием парков отдыха;
— Содействую повышению правовой и финансовой грамотности населения, постоянно борюсь с коррупцией, добросовестно служу народу;
— Я принимаю различные меры по повышению культуры села и духовному обогащению души народа;
— Постараюсь не пренебрегайть социально-малообеспеченными семьями, предоставляя им посильную помощь .