Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау,
Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы

Алматы облысы, Талғар ауданы,
Панфилов ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер ДӘУЛЕТАЛИЕВ ДУЛАТ МАРАТҰЛЫ

 

ӨМІРБАЯНЫ

Мен, Дәулеталиев Дулат Маратұлы 1986 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім жоғары. 2004 жылы Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепті тәмамдаған соң Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне оқуға түстім. Аталған білім ордасын 2008 жылы қаржыгер мамандығы бойынша аяқтадым. Сондай-ақ 2014 жылы «Алматы» университетінде құқықтану мамандығы бойынша білімімді жалғастырдым. Еңбек жолын 2008 жылы жеке кәсіпкер болып бастадым. 2010 жылы Талғар аудандық кірістер басқармасына келісімшарт негізінде қызметке орналасып, мамандығым бойынша еңбек еттім. 2012 жылдан осы күнге дейін Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келемін. Отбасылымын. Үш бала тәрбиелеп отырған әкемін.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мен тұрғындардың әл-ауқатын және ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық жинаған тәжірибемді және білімімді саламын. Әрі түрлі игілікті шараларды қолға алатын боламын.
— Тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, ауылдық округтің экономикасын дамытуға күш саламын;
— Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін назарда ұстаймын. Жұмыссыздардың қайта даярлау курстарынан өтіп, мамандық игеруі үшін мемлекеттік бағдарламаларға насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуге ықпал етемін;
— Округте қордаланып қалған жол, су, жарық мәселелерінің оң шешімін табуына ықпалдасамын. Жаңа құрылыс нысандарындағы инфраструктураны жақсарту мәселесін қолға аламын;
– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауымда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған жұмыстар жасаймын;
— Округтегі әлеуметтік аз қамтылған қоғамның әлжуаз топтары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне тұрақты түрде қамқорлық танытып, көмек көрсетіп отырамын;
— Сапалы медициналық көмек көрсету үшін ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттардың жұмысын назарда ұстаймын.
— Жаһандану үрдісіне лайықты сапалы біліммен қамтамасыз ету жолдарын табу менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары болып табылады.


25 июля- выборы акима Бескайнарского, Бесагашского,
Алатауского, Панфиловского сельского округа Талгарского района

Алматинская область,
Талгарский район, кандидат акима
Панфиловского сельского округа
ДАУЛЕТАЛИЕВ ДУЛАТ МАРАТОВИЧ

 

БИОГРАФИЯ

Я, Даулеталиев Дулат Маратович родился 20 июня 1986 года в селе Туздыбастау Талгарского района Алматинской области. По национальности — казах. Образование — высшее. В 2004 году после окончания средней школы № 31 села Туздыбастау поступил в Казахский национальный аграрный университет. Окончил данный ВУЗ в 2008 году по специальности — финансист. Также в 2014 году продолжил обучение в университете «Алматы « по специальности — юриспруденция. Трудовую деятельность начал в 2008 году индивидуальным предпринимателем. В 2010 году поступил на службу по контракту в управление доходов Талгарского района, где работал по специальности. С 2012 года по настоящее время занимаю должность заместителя акима Панфиловского сельского округа. Женат. Отец троих детей.

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Я вкладываю весь накопленный опыт и знания в улучшение благосостояния жителей и социального положения села. Буду принимать различные благие меры:
— Приложу усилия для улучшения благосостояния населения и развития экономики сельского округа;
— Обращаю внимание на проблему занятости сельского населения. Для того, чтобы безработные прошли курсы переподготовки и освоили профессию, активно веду пропагандистскую работу по государственным программам;
— Способствую позитивному решению накопившихся в округе дорожных, водных, световых вопросов. Займусь улучшением инфраструктуры на новых строительных объектах;
— Поддерживаю на постоянном контроле санитарную чистоту округа, делаю работы, направленные на озеленение и благоустройство;
— Постоянно опекаю и оказываю помощь малоимущим слоям социально-уязвимого общества округа, гражданам с ограниченными возможностями и членам их семей;
-Обращаю внимание на работу сельских врачебных амбулаторий и фельдшерско-акушерских пунктов для оказания качественной медицинской помощи .
— Поиск путей обеспечения качественного образования, достойного процесса глобализации — главные условия моей предвыборной программы.