25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау,
Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
БЕКЕЖАНОВ ЖЕҢІС БЕКМОЛДАҰЛЫ
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Бекежанов Жеңіс Бекмолдаұлы 1972 жылы 29 шілдеде Алматы облысы, Гвардия ауданы, Қызылжар ауылында көп балалы отбасында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
Білім жоғары. 1991 жылы Талдықорған зоотехникалық малдәрігерлік техникумын зоотехник мамандығы бойынша, 1998 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін есептеу техникасы, кешендері, тараптары және жүйелері мамандығы бойынша, 2021 жылы М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым.
1995 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясында көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы және бастықтың орынбасары қызметтерін атқарып, қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясында көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарудамын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына атсалысып, округтің көркеюі жолында білімім мен мемлекеттік қызметте жинаған тәжірибемді қоса отырып, адал қызмет етемін. Менің сайлауалды бағдарламам округ тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді қамтиды:
1. Үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламалардың округте нәтижелі жүргізілуіне атсалысамын және халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.
2. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал етемін.
3. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ұсынылған жобалардың жүзеге асырылуына ықпал ету арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ат салысамын.
4. Ауыл тұрғындарына қажетті емдеу мекемесі, балабақша және спорт ғимараттарын салуды жүзеге асыруға ықпал етемін.
5. Округты сапалы жолдармен, орталықтандырылған су құбырмен, газ жүйелерімен және электр жүйесінің кедергісіз жүргізілуімен қамтамасыз етуге ат салысамын.
6. Округтың табиғи ерекшелігін ескеріп, туризмды дамытуға басты назар аударып, округтың экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтеру.
7. Ауылшаруашылық өнімдерін: бал-омарта және бау-бақша, жеміс-жидек өсіру шаруашылықтарын дамытып, қайта өңдеп, генетикалық модификацияланған организмсіз азық-түлік өнімдерін өндіруге атсалысамын. Бесқайнар округінде қылқан жапырақты ағаштардан әр түрлі бұталардан тұратын ең үздік көгалдандыру питомниктерін құру.
8. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.
9. Жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал етемін және округтегі мәдени, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, мәдени іс-шаралар мен түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасаймын.
25 июля- выборы акима Бескайнарского, Бесагашского,
Алатауского, Панфиловского сельского округа Талгарского района
Алматинская область, Талгарский район, кандидат акима Бескайнарского сельского округа
БЕКЕЖАНОВ ЖЕНИС БЕКМОЛДАЕВИЧ
БИОГРАФИЯ
Я, Бекежанов Женис Бекмолдаевич родился 29 июля 1972 года в селе Кызылжар Гвардейского района Алматинской области в многодетной семье. Национальность — казах. Образование высшее. В 1991 году окончил Талдыкорганский зоотехнический ветеринарный техникум по специальности — зоотехник, в 1998 году Казахский национальный технический университет по специальности – «Вычислительные комплексы, системы и сети». В 2021 году окончил Таразский региональный университет им.М. Дулати по специальности — юриспруденция. С марта 1995 года по настоящее время работает главным специалистом, начальником отдела транспортного контроля, заместителем руководителя в Инспекции транспортного контроля по г. Алматы и Алматинской области.