25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау, Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
АХМЕТОВ БАҚЫТЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Ахметов Бақытжан Амангелдіұлы 1964 жылы, 23 сәуірде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Ақсай ауылында дүниеге келдім. 1981-1987 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің металлургия факультетін аяқтадым. Содан кейін 1997-2001 жылдары Ресей кеден академиясын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 1987 жылы «Ташкөмір» зауытында инженер болып бастап, «Жетісу» кеден бекетінің басшысы, облыстық кеден басқармасында бас инспектор, бөлім басшысы қызметтерін атқарып, одан кейін «Хоргос» кеден бекетінде бөлім басшысы болдым. 2006 жылдан бастап «Адиль Экспресс Транссервис» ЖШС-де кеден қоймасының директоры, «Success Tehnologies» ЖШС-і мен «Qazaq Terminal Zharkent» ЖШС-де директор, «Euro Tranzit Logistics» ЖШС-де басқарма басшысы қызметтерін атқардым.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Мені ауыл əәкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
— Уақытылы және сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігін арттыру мақсатында 2022 жылы дәрігерлік амбулатория құрылысына қол жеткізуге тырысамын;
— Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылы Бесқайнар ауылында полицияның тірек пункті салынуына күш саламын;
— Ауыл ішіндегі көшелерді толықтай жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлінуіне ықпалдасамын;
— Тұрғындардың сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуін үнемі назарда ұстайтын боламын;
— Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар бөліп, қайта даярлау курстарын оқуына көмектесемін;
— Ұзақ жылдардан бері шешілмей келе жатқан жолаушылар тасымалы мәселесін қолға алып, оң нәтиже шығаруға тырысамын.
— Бесқайнар ауылында 2024 жылға дейін өртке қарсы қауіпсіздік постын құруды қолға аламын.
Ауылдық округтердің бюджетінің шектеулі әрі қомақты емес екенін жақсы білемін. Сол себепті қосымша қаржыландыру көздерін тарту арқылы төмендегі мәселелерді шешуге тырысамын:
— Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесулер ұйымдастырып, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жол бермеуге тырысамын;
— Жастарды салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында спорт алаңдарын салуға күш саламын;
— Ауыл ішіне балалар ойнайтын алаңдарды көбейтуге демеушілер тартамын;
— Жекеменшік мектеп пен балабақшалардың ашылуына инвесторлар іздеймін;
— Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөліп, тұрмысын жақсарту үшін қолымнан келгенше көмектесемін.
25 июля- выборы акима Бескайнарского, Бесагашского, Алатауского,
Панфиловского сельского округа Талгарского района
Алматинская область, Талгарский район, кандидат акима Бескайнарского сельского округа
АХМЕТОВ БАҚЫТЖАН АМАНГЕЛЬДИЕВИЧ
БИОГРАФИЯ
Я, Ахметов Бакытжан Амангельдиевич родился 23 апреля 1964 года в селе Аксай Карасайского района Алматинской области. В 1981-1987 годах окончил металлургический факультет Казахского национального технического университета имени К. Сатпаева. Затем в 1997-2001 годах окончил Российскую Таможенную академию по специальности экономист-менеджер. Трудовую деятельность начал в 1987 году инженером на заводе» Ташкомир», работал начальником таможенного поста «Жетысу», главным инспектором, начальником отдела областного таможенного управления, затем начальником отдела на таможенном посту «Хоргос». С 2006 года работал директором таможенного склада в ТОО» Адиль Экспресс Транссервис«, директором в ТОО» Success Tehnologies «и ТОО» Qazaq Terminal Zharkent«, руководителем управления в ТОО» Euro Tranzit Logistics»
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА