Маусым айының 1 нен 30 на дейін, санақтың 1 дайындық кезеңі жүргізілген болатын. Бүгінде аудан бойынша дайындық кезеңі аяқталды. Ауданның барлық елді-мекендерін аралау барысында, тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттардың тізімін және ондағы адамдардың санын нақтылау жұмыстары жүргізілді. Ақпаратты жинақтау және өңдеу жұмыстары, автоматтандырылған «Аудандастыру» (районирование) және «Аудандастыруға ақпарат жинақтау» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылды.
Дайындық жұмыстарын орындауға, аудан бойынша 14 уәкілетті, 10 нұсқаушы, 75 интервьюер (тіркеуші) жұмылдырылды. Уақытша персонал, жинақталған ақпаратты мобильді қосымша арқылы планшетке енгізу тәртібі бойынша арнайы білім алды.
Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша 85472 нысан тіркеліп, орындалуы – 114,0% құрады. Алғашқы кезеңнің нәтижесінде, қыркүйек–қазан айларында өтетін негізгі кезеңге қажетті аудандастыру, яғни аудан аумағын нұсқаушылық және тіркеушілік учаскелерге бөлу жұмыстары жүргізіледі.
Санақтың негізгі 2 кезеңі, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қазанға дейін, 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында , 45 күн онлайн режимінде және 1 — 30 қазан айы аралығында, планшет арқылы жаппай аралау жүргізіледі.
А. Дүйсенғалиева,
АСБ басшысы