Алаштың асыл ұлы, қазақ мүддесі үшін жанын қиған ұлт перзенті Міржақып Дулатов: «Ұлт мәселесі, һәм 10-шы партия съезі» атты мақаласында: «Ұлтшылдықтың мәнісі-өз ұлтын сүю, өз ұлтының бақытты болуын тілеу, өз ұлтын өзгелерге жем қылмау»-деп өткен ғасырдың басында-ақ ел болашағы үшін шырылдап, сол жолда мерт болған кісі екен.
Сол Алаш азаматтарының тілегі орындалып, бұл күндері қазақ елі көкбайрағы желбіреген тәуелсіз ел болды. 1991 жылы 9 қарашада дүниеге келген мен Тәуелсіздіктің төл құрдасы болғандығымды үнемі мақтан ететін жанмын. 2007-2010 жылдары Алматы қаласындағы басқару және нарық колледжінің «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» бөлімін бітіріп, кейін еңбек ете жүріп Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің есеп және аудит мамандығын бітіріп, түрлі мекемелерде адал қызмет етіп Тәуелсіз ел-Қазақстанның гүлденіп өсуіне жастық қайратымды жұмсап жүрген жас маманмын. Мен Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде туған елімнің әлемдегі ең озық 30 елдің біріне айналуына тілектеспін!
Әйгерім Имашева,
Аудандық «Талғар су» мекемесінің маманы.