«Сауатты жарнама — тіл тазалығының көрінісі» атты аудандық онлайн байқауының

«Сауатты жарнама — тіл тазалығының көрінісі»  атты аудандық онлайн байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Сауатты жарнама — тіл тазалығының көрінісі» атты аудандық онлайн байқауын жариялайды.

Байқауды өткізудің мақсаты:

· Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

· Кәсіпті қазақша сөйлету;

· Тұтынушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге бейімдеу.

Байқаудың міндеті:

Байқау 2021 жылғы 15 шілде — 16 тамыз айлары аралығында әлеуметтік желіде онлайн режимінде өткізіледі. Аудандық байқауға қала, ауылдық округтерге қарасты халыққа қызмет көрсету орындарының нысан иелері қатыса алады. Қатысушылардың санына шектеу қойылмайды. Байқау онлайн түрде ұйымдастырылғандықтан әр қатысушы шартқа сай тапсырмаларды бейнероликке түсіріп, kultura_talgar@mail.ru эл.поштасына жіберуі керек. Сондай-ақ, міндетті түрде түсірілген бейнероликті әлеуметтік желілерге жүктеп, Талғар ауданы мәдениет бөлімі (фейсбук), kultura_talgar (инстаграм) аккаунтын белгілеулері тиіс.

Байқаудың шарттары:

1.«Менің кәсібім – менің мақтанышым» атты өз кәсібін мемлекеттік тілде таныстыру (1-2 минут);

2.Халыққа қызмет көрсету орындарында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңның 4-тарау, 21-бабының орындалу деңгейі (1 минут).

Қазылар алқасы байқауға қатысушы нысан иесін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) Көрнекіліктің эстетикалық әрленуі;

2)Тіл заңы талаптарына сәйкесігі;

3) Берілген регламентті сақтау.

Анықтама үшін:

Талғар қаласы, Қонаев көшесі 65. Аудан әкімдігінің ғимараты. Байланыс телефоны: 8 (72774)2-31-14, 87781264831