Дендеп бара жатқан дертті жеңудің бірден бір жолы – медициналық көмекке жүгіну екенін қай-қайсымыз да түсіндік бүгінде. Сондықтан ешқандай мәжбүрлеусіз, саналы түрде коронавирусқа қарсы екпе аламын деп шешім қабылдадым. Жасым 56-да. Әлі де Алла берген жасты жасап, өмір сүруге деген талпынысым жоғары. Немере-шөберенің қызығын көру де – менің басты арманым. Сондықтан да денсаулығыма алаңдамас үшін, «ана жақтан, мына жақтан жұқтырып алам-ау» деп қауіптенбес үшін осы қадамға бардым. Себебі қасиетті Құранда да адамның денсаулығы аманат екені жазылған. Пандемияны тоқтату үшін өзімнің үлесімді солай қосып жатырмын. Кейбір күдікшіл жандарды екпе салу арқылы індетті толық жеңіп, қалыпты тіршілікке оралатын күннің жақын қалғанына сендіргім келеді.
Ләйлә Себерқанқызы,
Қайнар ауылдық округінің тұрғыны