«Талант. Талғам. Тағылым.»

«Талант. Талғам. Тағылым.»

Жерлесіміз Әбдіғани Бәзілханұлының ««Талант. Талғам. Тағылым.» атты жаңа кітабы жарыққа шықты.

Кітапта автордың ұстазы, дүлдүл әнші-термеші, ақын, композитор Мағауия Баймұқаметұлының өнері мен өмірі жайындағы жүрекжарды ой-пікірлері мен естеліктері топтас­тырылған. Сондай-ақ өнер иесінің шығармашылық болмысына, термелеріне жан-жақты талдау жасалып, баға берілген. Естеліктер арқылы қытайға қараған қазақтардың өмірі мен өнері, салт-дәстүрі мен дүниетанымы, ұлттық болмысы мен тұрмыс-тіршілігінен құнды, маңызды мәліметтер алуға болады. Мағауия Баймұхаметұлының 65 жасқа толуына шыққан кітаптың таныстырылымы жайлы алдағы саннан хабардар боласыздар.

«Талғар-ақпарат».