Діни экстремизмге жол жоқ

Діни экстремизмге жол жоқ

Талғар аудандық жастар ресурстық орталығы және «Талғар медициналық колледжі» мекемесі әкімшілігінің ұйымдастыруымен, ҚР Мәжілісі парламенті депутатының қоғамдық көмекшісі, дінтану магистрі, Алматы қаласының АТТ мүшесі – Әліп Тұрсынғали, Алматы облысы «Дін істері басқармасы» ММ-нің Талдықорған қаласы бойынша дінтанушысы Смаханов Бейбіттің қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – студент жастарды діни сауаттылыққа шақыру – бүгінгі таңдағы қоғам ішіндегі діни ахуал деңгейін баяндау. Қой терісін жамылған экстремистік топтардың жастарға әсер ету қаупі туралы түсіндірме жұмысын жүргізу.

Жиын соңында аталған мекеме қызметкерлері мен студенттері өздерін толғандырған сауалдарын спикерлерге қойып сұхбат форматында қорытындылады.

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ