Қызыл-Қайрат ауылындағы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясында Халықаралық балалар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.
Білім ордасының директоры Н.Көншібаев, Алатау ауылдық округінің әкімі Қ.Смағұлов, Талғар аудандық мәслихат депутаттары Ж.Айткалиев, А.Даурбаева, С.Симамбаева, Алатау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Манабаев, Қамқоршылық кеңес төрағасы, Қызыл-Қайрат ауылы «Мәдениет үйінің» директоры К.Баймұханов, кеңес төрағасының орынбасары, «М И COMPANI» ЖШС директоры М.Ескендірова, кеңес мүшелері, ауылдық мешіттің бас имамы Н.Асанқұл, жеке кәсіпкер Е.Жылқыбеков, Қызыл-Қайрат ауылының тұрғындары Р.Мұналбаева, Т.Рысбеков, Н.Қожахметов, М.Тораманов, С.Ахметқалиев, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы И.Тохтахунов және мектеп ұстаздары бірлесіп мектепалды даярлық сыныбындағы 85 оқушыға, денсаулығына байланысты, мүмкіндігі шектеулі үйде оқитын 8 оқушыға барлық карантиндік шектеулерді сақтай отырып, мерекелік сыйлықтар таратты. Мектептің асхана меңгерушісі Ерсапар Жылқыбеков арнайы мерекеге жазғы мектеп оқушыларына балмұздақ таратты. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен мектепте аз қамтылған 14 отбасыға азық-түлікпен көмек берілді. Іс-шара барысында қонақтар жүрекжарды тілектерін айтып, өнер көрсеткен балаларға мектеп-гимназия директорының «Мақтау грамотасы» берілді. Мектеп-гимназия директоры Нұрбол Өтегенұлы аталған іс-шараны ұйымдастырған қамқоршылық кеңестің құрамына мектеп әкімшілігінің атынан алғыс айтты.
Бектұрсын Мінәсіпұлы,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары