Бала – біздің болашағымыз

Бала – біздің болашағымыз

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-де мерекелік іс-шара өтті.

Мекеме ұжымының ұйымдастыруымен Р.Алыбаеваның жетекшілігімен «Баланың шаттық күлкісі!» атты тақырыпта мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде аталынып өтті. Балалар тақпақтарын айтып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін көрсетті. «Әрқашан күн сөнбесін», «Достық», «Топ-топ балақан», «Бақытты балалар» секілді әндер шырқап, мерекенің сәнін кіргізді. Сонымен қатар «Кім жылдам», «Балық аулау», «Гүл жинау» сияқты ойындар ойнап, белсенділік танытты. Балаларға сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік дастархан жайылды. Қам көңіл балалардың көңілдері көтеріліп, кеш соңында көк аспанға шар ұшырып, қызыға тамашалады. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі.

Т.БАҚЫТ,
«Аяла« ТАӘҚКО КММ директоры