Қуанса, бала қуансын

Қуанса, бала қуансын

Бүгін, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ”Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы  аясында Талғар ауданының  ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығы патронаттық тәрбие беріп отырған Талғар қаласының тұрғындары  Толбаевтар отбасын атаулы  мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Берекелі шаңырақ иесі, қамқоршы Толбаев Мавлен Орыналыұлы  көп  балалы отбасының ұйытқысы болып отыр. Игі істер бастамасының жаршысы Мавлен Орыналыұлы мен отанасы Камила апайымызға зор денсаулық тілейміз!

Сонымен қатар, балалар мерекесіне орай,   Талғар қаласы «Aiya – education» оқу орталығында “Ақылды лагерь” жобасының ашылу салтанаты өтті. Шараға оқу орталығының жетекшісі Нүсіпжанов  Дархан Даулетұлы мен Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Замира Нұрланқызы Қалымбетова және ұстаздар, ата-аналар мен балалар қатысты.  Мерекелік шарада балалар «Талғарымның таулары» сурет байқауы мен «Сүйікті ертегімнің эпизоды» ермексазбен жұмыс конкукрсы өтіп, жүлдегерлер анықталды.  Сонымен қатар, оқу орталығы қайырымды істер көрсетудің шебінде жүрген орталық екенін айту керек деп ойлаймын.

 Замира Қалымбетова

Жастар ресурстық орталығының жетекшісі