Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 мамыр күні «Спорт – сенің серігің» атты Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық округінің «Батырхан» спорт кешенінің негізін қалаушысы әрі аға бапкері, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, панкратионнан әлем чемпионаты, ММА-дан әлем чемпионаты, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, халықаралық чемпионаттарда Қазақстан мемлекетінің туын желбіреткен Еркенбек Мырза Болатұлымен кездесу өтті.
«Қара бет боп қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлының бұл ұлағатты сөзі жас спортшының әр жекпе-жекке намысын қайрап, жігерін арттыратын ұстанымы. Кездесуде, Мырза Болатұлы өзінің балалық шағынан бастап, спортқа алғаш жасаған қадамы жөнінде әңгімесін айтып берді. Қазіргі таңда, Мырза Болатұлы бапкерлікпен айналысып, көптеген тәрбиеленушілерді жаттықтырып, жарыстарға дайындайтыны жөнінде баяндады және алдағы уақытта «Батырхан» спорт кешенінің филиалын Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында және Бәйдібек би ауылдық округінде, сонымен қатар Алматы қаласында ашпақ ойы бар екенін атап өтті. Жас спортшы барлық сұрағымызға жауап беріп, жастарға құнды кеңестерін айтты.
Мария Сермаханова,
Талғар ауданы жастар ресурстық
орталығының маманы