Белбұлақтықтардың базынасы тыңдалды

Белбұлақтықтардың базынасы тыңдалды

Қайдар Әбдіханов аудан басшысы болып тағайындалғалы округтер мен соларға кіретін елді мекендердің тыныс-тіршілігімен жете танысып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап келеді.

Әкімнің бұл жолғы жұмыс сапары Белбұлақ ауылдық округіне бағытталды. Жалпы 21827 га жер көлемін алып жатқан округте халық саны 19022 адам. Округ құрамына Белбұлақ, Бірлік,Талдыбұлақ ауылдары кіреді. Халықтың бірінші басшыға айтар өтініш-тілектері бұл аумақта да аз емес екен. Олардың ішінде бас­тылары газға қосылудың қымбаттылығы, интернет, жолдарды жөндеу, автобус және жаңа құрылыстардың инфрақұрылымы сынды күн тәртібінде көтеріліп келе жатқан мәселелер. Барлығын мұқият тыңдаған Қайдар Әлиханұлы тұрғындардың базынасын назарға алып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма беретінін айтты. Арнайы ат басын бұрған жаңа басшыға округ тұрғындары алғыстарын айтып, тілектерін жаудырды.

«Талғар-ақпарат»