Бүгін Талдықорғанда облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалынан аталған жиынға 15 делегат онлайн форматта қатысты.Конференцияның күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Партияның Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері;
2. Алматы облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысы туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері;
3. Алматы облыстық филиалының Саяси кеңесін сайлау;
4. Алматы облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау.
Жиын барысында облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов облыстық Саяси Кеңестің 2 жылда атқарған жұмыстары жайында есебін беріп, негізгі нәтижелермен алдағы міндеттер жайында тоқталып өтті. Атап айтсақ, өңір басшысы өз сөзінде
«Қоғамдық қабылдаулар – ол халықпен кері байланыстың негізгі құралы. 2019-2020 жылдары партияның қоғамдық қабылдауларында 26 892 өтініш тіркеліп, 14 314 (53,2%) өтініш оң шешімін тапты», — деп атап өтті.