15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай кездесу

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай кездесу

Отбасы мерекесі – бұл бақыт пен баянды өмірдің, достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.

Осыған орай, Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында Бекбосынов Матан Рахымбергенұлы мен Шәйімхан апамыздың шыңырағында кездесу болды.

Бүгінде Талғар аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Матан Рахымбергенұлының ұлағатты ұстаз Шәйімхан апаймен отау құрғандарына 48 жыл толып отыр. Алты бала тәрбиелеп, отыз шақты немере, бір шөбере сүйіп отырған берекелі жанұямен дидарласу — отбасы күніне орай тұспа -тұс келді.

Сұқбаттасу барысында, Матан аға мен Шәйімхан апа біз қойған сұрақтарға тұщымды жауап беріп, отбасы құндылықтары, жас отбасыларға кеңес, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, рухани азық алуға себеп болды.
Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.

 

ТАЛҒАР АУДАНЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ