МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өтуге орай, «Талғар аудандық жастар ресурустық орталығының»  ұйымдастыруымен   Нұра ауылында «Asyk party»  өткізліді. Шара мақсаты  — ұлттық ойынымыз асық ойнауды жандандыру.

Сонымен қатар Тұздыбастау ауылдық Мәдениет үйінде  «Dombyra party» атты күйшілер кеші болып, мерекелік көңіл күйді көтеріп тастағаны тағы бар. Мерекелік шараға  — «Мұрагер» домбырашылар тобының жетекшісі Мүшіров Ұлан Есжанұлы және  №31 оқушылары Жұмаш Мейрамбек, Жұмаш Арсен,  №28 мектеп оқушылары Қанатұлы Мағжан, Өмірбек Алихан,   №13 мектеп оқушысы Маликулы Алмаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жаңа жылымыздың қарсаңында жасалған игі шаралар мұнымен толастаған жоқ. Мерекені тойлау Талғар қаласында «Наурыз  тіршіліктің бастауы» атты аудандық шахмат ойыны жарысы арқылы жалғасын тапты. Тартысты өткен ойынына 15 пен 20 жас аралығындағы жастар қатысты. Мықтылары өз шеберліктерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ, І орынды Батқалқазы Шыңғыс, ІІ орынды Юсупбай Жанқожа иеленсе, ІІІ орынды Ермуханбет Наиль алды.       Іс-шаралардың негізгі мақсаты  Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ