Қайырымдылық – жылы жүректен
Қазіргі кезде еліміздің рухани адамгершілік байлығын , мәдени мұрасын зерттеп, оны жастар бойын жұғысты қасиет етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару –жалпы әлеуметтік мәселе болып табылды.
Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты өйткені, еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымызбен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау халқымызға тән асыл қасиетіміз.
Осынау аталы сөзді іспен ұлықтауды парыз санаған «Самға – Н» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен 4 наурыз күні мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайырыдылық – жылы жүректен» атты мерекелік кеш өткізілді. Атамшыл мереке «Азия» мейрамханасы, ГКП на ПХВ «Талғар – Су», ПК «Марат», «Самға» ЖШС, «Евразия банк» АҚ демеушілігімен жүзеге асырылды. Кештің құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының әншісі Мерей Дарибаев және Бекбау Жәнібек өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңында келген қонақтар ізгі тілектерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.
Мұндай ізгілікті, шапағаты мен мейірім шуағы мол шара аясында өткізіліген әртүрлі әдіс топтамасымен тәрбиелік мәні зор ұлағатты сұхбаттар, кездесу, пікірлесу жұмыстары оң нәтижесін беріп келеді.
Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсетіп, көпбалалы аналарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, киім-кешектер мен оқу құралдарын тарту еткен «Самға-Н» МҚБ-ін мақтанышпен айта аламыз.
Халқымызда «Кең боласаң, кем болмайсың» -деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз, қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік.
Сатыпалды Зарина
Талғар ауданы жастар ресурстық
орталығының маманы