Атқарылар істің жәйі
Талғар ауданында «USAID» және «EURASIA FOUNDATION» қорларының қаржыландыруымен «Талғар ауданындағы бюджеттік мәліметтердің ашықтығын, айқындығы мен есептілігін арттыру» жобасын «VЕСТОR» жастар одағы» қоғамдық бірлестігі іске асыруда. Жоба аясында халықаралық критерийлерге сүйене отырып, Талғар ауданының бюджетінің айқындығы мен бюджеттік мәліметтерінің ашықтығын бақылау және бағалау бойынша сұқбат алынды.
Аудандық мәслихат депутаты Айткалиев Жаслан Айтқалиұлы, «Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Досжанов Аскат Нурадинұлы және «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ бас маманы Акылжанов Айбек Ақылбекұлынан сұхбат алынды.
Сұхбат барысында бюджеттің ашықтығы мен бюджеттік мәліметтердің айқындығын бақылау және бағалаудың халықаралық өлшемдері, атап айтқанда, сметалық құжаттаманы ұсыну (шығындар бойынша ұсыныстар және оларды қаржыландыру), ақпарат барлық фискалдық операцияларды қамтуы, бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат беру, ақпараттың сенімділігі, түсіндірме жазба беру, бюджеттік ақпаратты көпшілікке жария ету, ақпараттың уақытылы және әділ қол жетімділігі, интернеттегі жылдам және ақысыз түбіртек, халыққа фискальды аймақтағы өткен, ағымдағы және болжамды іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат беру, «Ашық бюджеттер» порталы, азаматтар бюджеті — мемлекеттік бюджетті жариялау, қоғамдық кеңестердің бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға және іске асыруға қатысуы, гендерлік теңдік, гендерлік бюджет — гендерлік бюджетті жоспарлау, тұрақты түрде бюджет бойынша қоғамдық тыңдаулар деген сұрақтар қамтылды.
Кездесу барысында сұхбаттасу Талғар ауданында бюджеттің айқындығы мен бюджеттік деректердің ашықтығын бақылау және бағалау бойынша жыл сайынғы қоғамдық тыңдауларға қатысуға дайын екенін айтты.
Жомарт Кеңесов
«VЕСТОR» жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің директоры