Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Патриоттық сезім — адамның өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік. Өз елін көркейтуге үлесін қосып, басқаларға үлгі болу әр бір азаматтың парызы. Кішкентай болса да өз мекенінде қарапайым тазалықты, үлкендерге деген құрметті ұстанған азаматты нағыз патриот деуге болады.

Жастардың еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Белбұлақ ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Байболова Салтанат Сәрсенбайқызының ұйымдастыруымен 2021 жылы 23 ақпан күні халық әртісі, қоғам қайраткері, әнші Нурмагамбетова Сұлушаш Құлжабайқызының округ жастарымен онлайн-сұхбат өтті. Сұхбат барысында Сұлушаш Құлжабайқызы патриоттың қандай болу керетігі, елін, жерін құрметтеп сыйлауға шақырды. Өзінің тәжірибесімен бөлісіп жастардың сұрақтарына жауап беріп, өз батасын берді. Сұхбат өте мәнді, құндылыққа толы болды.

Жастарымыз әр қашанда патриот болса деп тілейміз.

 

Салтанат Байболова 
Белбұлақ ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы