Тұздыбастауда өткен пікірсайыс
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппарты мемлекеттік мекемесінде 21.01.2021 жылы «Сыбайлас жемқорлық қайдан шығады!» тақырыбында ауыл тұрғындарымен пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында:
Жемқорлық ежелгі уақытта пайда болған жоқ, ол бүкіл әлемде экономиканың қалыптасуымен пайда болған құбылыс. Сонымен қатар параны алған адам кінәлі деп жатса бір жақ, екінші жақ берген адам кінәлі деп отырды, біреулері қоғам сондай деп айта кетті, басқалары ол мақсатқа жету жолдарының бірі деп ойлайты шығар көпшілік деп айтты. Осының бәрін түйіндеп ойлап қарасан адамзат сыбайлас жемқорлықты керек зат сияқты қарастырады, бірақ оның түбі жамандыққа, қасіретке апаратын біле бермейді. Қазіргі таңда әлеммен қатар біздің мемлекетте сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негіздерін қолданып жатыр. Сонымен қатар пікірталас барысында жемқорлықтың жолында кетпеу үшін тәрбие қажет екендігі айтылды. Тәрбие отбасынан, қасында жүрген достарынан басталады. Бірінші ата-ана балаға үйрету керек қандай іс-әрекет жасаса оның сұрауы бар екендігін. Сосын қасында жүрген ортасы бір – біріне ақыл айту керек екеннін айта келе пікірталасты аяқтадық.
Жемқорлық- қоғамның дерті кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Тұздыбастау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Нұрланова Ақбата