Өткен жұмада ауданымызда аудандық «Nur Otan» партиясының аудандық сайтауалды штабы ашылды. Штаб жұмысының міндеті – «Nur Otan» партиясының Мəжіліс жəне мəслихат сайлауында айқын жеңісіне қол жеткізу. «Nur Otan» партиясы биліктегі басымдыққа ие жəне жауапкершілігі мол саяси күш ретінде алдағы додаға өз кандидаттарын ұсынды.
Аудандық партия филиалында 4602 партия мүшесі бар. 14 бастауыш партия ұйымдары жасақталған.
Аудандық штабтың төрағасы – партия төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Күрішбеков. Штаб құрамына ауданымызға белгілі қоғам белсенділері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері жəне өткен
сайлау науқандарына қатысып, мол тəжірибе жинақтаған азаматтармен бірге жастар ұйымдарының белсенді өкілдері енді. Штаб негізгі төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды. Біріншісі, қоғамдық қабылдау бөлімінде штаб мүшелері мен кандидаттар аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдап, қабылдау жасап, заң аясында кеңес береді. Екінші бағыт – ұйымдастыру жұмыстары. Бұл бөлім кандидаттардың үгіт насихат жұмыстарын жүргізу үшін жүйелік кесте жасап, жадынамалармен таныстырады. Одан кейінгі саяси бағыт бойынша түрлі əлеуметтік желілер арқылы жұмыс жасаса, төртінші, қаржылық бағыт – түрлі қаржылық мəселелерді шешуге бағытталады. Алдағы сайлауға партия 237 сенімді өкілі бекітіліп, 152 ерікті үгіт-насихат парақшаларын таратуға жұмылдырылған. Аудандық штаб жұмысы желтоқсанның 10-нан қаңтар айының 10-нына дейін жалғасады.
Перизат НҰРҚАЕВА,
Талғар.